Резаи: Трамптың Құдс туралы шешімі – авантюристік шаралар мен соғысты әшкере түрде талап ету
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың Құдсты жалған Израиль режимінің астанасы ретінде ресми түрде тану туралы шешімін ашық түрде авантюристік шаралар мен соғысты талап ету деп атады.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи сенбі күні эксперттер алдында Трамптың әлем мұсылмандары мен Палестина халқына қарсы соғыс жариялағанын айтып: "Құдсты азат етуге бағытталған жаңа интифаза аймақта алдағы айлар мен жылдарда орын алатын маңызды оқиғалардың бірі болады. Ол өткен интифазалардан әлдеқайда күштірек болмақ",-деді.
Резаи әл-Ақса мешітін қоршауға алу және сионистік режимнің астанасын Құдсқа көшіруді әлемнің барша мұсылмандарына жасалған құрметсіздік деп атап: "АҚШ пен оның аймақтағы одақтастарының үсті-үстіне жеңіліс табуы Трамптың соңғы әрекетінің себебі болды",-деді.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы ислам әлемінің үлкен сынның алдында тұрғанын айтып: "АҚШ-қа мұнай экспорттауды азайту және ислам елдерінің елшілерін Вашингтоннан шақыртып алуы – Трампқа өз шешімінен кері шегінуі үшін жасалатын қысымның ең азы",-деді.