Рухани: Трамптың қате шешімі аймақтағы отқа май құйды
(last modified Sun, 10 Dec 2017 17:18:00 GMT )
Жел 10, 2017 23:18 Asia/Almaty
  • Рухани: Трамптың қате шешімі аймақтағы отқа май құйды

ИИР Президенті АҚШ Президентінің Израиль режиміндегі елшілігін қасиетті Құдс қаласына ауыстыру шешімін қателік және аймақтағы отқа май құю деп атады.

 

 

Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсонмен кездесуінде: "ИИР аймақта бейбітшілік пен  тұрақтылықтың орнатылуын, соғыс пен қантөгістің тоқтатылып, лаңкестікті тамырымен жоюды мақсат етуде. Лондон мен Теһранның келіссөздері аймақтағы тұрақтылықтың орнатылуына қатысты ынтымақтастықтарды арттыра алады. Иран өзінің сындарлы рөлімен аймақтың екі елін жойылу мен лаңкестіктен құтқарды. Сондықтан ешкім Иранның аймақтағы оң әрекеттеріне қатысты күмәндана алмайды",- деді.

Рухани Иран мен Ұлыбританияның ортақ мүдделерін қамтамасыз етіп, достық қарым-қатынастарын дамытудың қажеттілігіне тоқталып: "Екі елдің қарым-қатынастары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейін қолайлы кеңістіктің орнатылуына қарамастан ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне сай болмады. Сол себепті екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтарды арттыруға талпыну қажет",- деп баса айтты.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон да бұл кездесуде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының арқасында Теһран мен Лондон қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарын арттыру үшін жақсы мұрсаттың туғанын, елінің Иранмен әртүрлі салаларда жан-жақты қарым-қатынастарын кеңейткісі келетінін қуаттады. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лондонның АҚШ Президентінің елшілігін Құдсқа ауыстыру шешімін орынсыз санайтынын қуаттады.