Жел 11, 2017 09:16 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі ирандық палуанның жанкештілігіне алғыс айтты

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 23 жасқа толмаған жастар арасындағы әлемдік сайыстың даңқты палуаны Әлиреза Карими және оның жанұясымен кездесуде жас палуанның жанкештілігі мен ғиззатын мадақтады.

Аятолла Хаменеи Әлиреза Каримидың шешімін Пуриаи Вали сынды танымал палуандардың ісі сынды үлкен іс деп бағалап: "Мен жастарымыздың өкілінің үлкен әрі жоғары мақсат үшін өз үлесін қосуға әзірлігін білдіріп, қаһарман атанатын заңды құқығынан бас тартқанынан шынайы ғиззатты сездім. Бұл шешімнің қадірін біліп, Алладан оның рухани сыйын сұрау керек. Басшылар бұл шешімді марапаттап, материалдық сыйлықты да ұмытпауы керек",- деді.

Иранның жас палуаны Әлиреза Карими Польшада өткен 23 жасқа толмаған жастар арасындағы әлемдік чемпионатта сионистік режимнің палуанымен күресуден бас тартты.  

 

 

Тегтер