Рухани: Палестиналық топтар мен ислам әлемі америкалық-сионистік сұм жобаға қарсы тұрады
ИИР Президенті АҚШ Президентінің қасиетті Құдс туралы шешімін Палестина мен ислам әлеміне қарсы сұм жоба деп атап, барлық мұсылмандар мен ислам әлемінен сол жобаға қарсы бірігуді сұрады.
Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Палестина Қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың саяси бюросының басшысы Исмаил Ханиемен телефон арқылы сөйлесіп, Палестинаның жәбір көрген халқы мен ислам үмбетінің бірігіп, америкалық-сионистік жобаны сәтсіздікке ұшырататынын қуаттады.
Иран Президенті АҚШ-тың әділетсіз шешімімен қарсыласып, оған табандылық білдіруді Палестина халқы мен барлық мұсылмандар үшін өте маңызды сынақтардың бірі деп атап: "Барлық палестиналық топтар бірігіп, сионистік режим мен АҚШ-қа күшті жауап қайтарып, ислам әлемі де бірауыздан бұл сұм жобаға қарсылық білдіруі керек",- деді.
ХАМАС-тың саяси бюросының басшысы Исмаил Хание ИИР-ның Палестина халқы мен қасиетті Құдс қаласын қолдау ұстанымына алғыс айтып: "Палестина халқы Иранды өздерінің арман-мақсаттарына жетуін қолдайтын мықты тіректердің бірі санайды",- деді.
Исмаил Хание АҚШ Президентінің қасиетті Құдс туралы шешімін бүкіл ислам үмбетінің құқықтарына әшкере түрде шабуыл жасау деп атап: "Палестина халқы өзінің қарсыласуымен Израиль мен АҚШ-қа ешқашан бұл шешімдерін іске асыруға рұқсат бермейді. Өйткені, қасиетті Құдс Палестина мен ислам әлеміне тиесілі",- деп қуаттады.