Трамптың Құдсқа қарсы әрекеті АҚШ-тың аймақтағы сәтсіздіктерін жасыру мақсатындағы талпыныс
Иранның Жоғары соты аятолла Амоли Лариджани АҚШ Президентінің Бейт әл-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялауын АҚШ пен сионистік режимнің Таяу Шығыс аймағындағы сәтсіздіктерін жасыру мақсатындағы талпынысы деп атап, ислам әлемінің еш уақытта бұл шешімді іске асыруға рұқсат етпейтінін қуаттады.
Иранның Жоғары соты аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот басшыларының отырысында: "Дональд Трамптың қисынсыз шешімінен кейін Палестина мәселесі қайтадан ислам әлемінің басты мәселесі ретінде баяндалып, мұсылмандар, тіпті кейбір мәселелерде АҚШ-ты қолдайтын үкіметтер бұл шешімге наразылықтарын жариялады. Палестина – ислам әлемінің негізгі мәселесі. Өйткені, исламдық жерлердің бір бөлігін заңсыз режим басып алып отырған жағдайда мұсылмандар бұл мәселеге немқұрайдылық таныта алмайды",- деді.