Зариф: Ислам әлемі палестиналықтардың жанынан табылады
https://itolqyn.com/news/iran-i32963-Зариф_Ислам_әлемі_палестиналықтардың_жанынан_табылады
ИИР Сыртқы істер министрі Стамбұлда Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммиты өткеніне тоқталып, бүкіл ислам әлемінің палестиналықтардың қасында екенін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 14, 2017 16:21 Asia/Almaty
  • Зариф: Ислам әлемі палестиналықтардың жанынан табылады

ИИР Сыртқы істер министрі Стамбұлда Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммиты өткеніне тоқталып, бүкіл ислам әлемінің палестиналықтардың қасында екенін қуаттады.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф  Twitter-дегі жеке парақшасында: "Бүкіл ислам әлемі палестиналықтарға тілеулестік білдіруге табандылық танытып отыр және Трамптың өзіне тиесілі емес нәрсені лайықсыз адамдарға тарту етуін қабылдамайды. Ислам ынтымақтастық ұйымының Стамбұлдағы төтенше отырысына мүше елдер басшыларының кең түрде қатысуы кейбір жағдайларды назарға алмағанда өте үміттендірерлік оқиға болды",-деп жазды.