Зариф АҚШ-тың Иранға қарсы қасақана қойылымына реакция білдірді
ИИР Сыртқы істер министрі бейсенбі күні кешке БҰҰ-ғы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейлидің Иранға қарсы қасақана қойылымына реакция білдірді.
Мұхаммад Джавад Зариф "Твиттердегі" парақшасында АҚШ-тың бұрынғы Сыртқы істер министрі Колин Пауэлл мен Никки Хейлидің суреттерін жариялап: "Мұндай қойылым мен оның салдарын бұрын көрген болатынбыз",- деп жазды.
АҚШ-ның бұрынғы Сыртқы істер министрі Колин Пауэлл Буштың бірінші үкіметінде 2003-ші жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иракта тыйым салынған қару бар деген шындыққа жанаспайтын жалған мәлімет беріп, Вашингтон Иракқа шабуыл жасаған болатын.
Йемен революциясы комитетінің басшысы Мұхаммад Әли әл-Хуси бүгін, жұма күні таңертең Сауд Арабиясына қарсы атылған зымырандардың Иранда жасалғаны туралы АҚШ-тың жаңа жобасын теріске шығарып: "Вашингтон жаңа жобасымен Сауд Арабиясының Йемен халқын қыру үшін тыйым салынған қаруды пайдалануын жасыруды көздейді. Егер америкалықтар уәжденгендей зымырандарды Ираннан алған болсақ, Сауд Арабиясының әскери ұшақтарына қарсы тұру үшін Теһраннан зымырандық жүйелерді сатып алатын едік",- деп жазды.