Зариф: АҚШ арсыздық пен алауыздық тудыруда шек пен шекара танымайды
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-ның арсыздық пен алауыздық тудыруда шек пен шекара танымайтынын айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында АҚШ-тың Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Йемен жайлы үгіт-насихаттарын қайталап жатқанын айтып: "Соғыс кезінде пайдаланылған қару-жарақты зерттеу жөніндегі топ (CAR) өз есебінде ДАИШ-тың қолына америкалық және саудиялық қару-жарақтар жеткенін қуаттады",- деп жазды.
"Соғыс кезінде пайдаланылған қару-жарақ жөніндегі топтың" зерттеулерінің нәтижелері Ирак пен Сириядағы лаңкестерге қару-жарақ жөнелтуде Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың елеулі рөл атқарғанын көрсетті.
Иран Сыртқы істер министрі сонымен қоса АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілінің Иранға қарсы айыптарына реакция білдіріп, Twitter әлеуметтік желісіндегі екінші жолдауында: "Иран Йемендегі соғыс басталған алғашқы күннен бастап атысты тоқтату бітімін орнатып, қажетті көмек пен келіссөздер жүргізуді сұраған жағдайда АҚШ өз одақтастарына қару сату арқылы әскери емес бейбіт тұрғындардың өлімі мен жұттың пайда болуына себеп болды.
АҚШ өзін ақтайтын кез келген құжат немесе дәлел келтіргенімен, Йемендегі соғыста одақтастарымен сыбайлас болғанын жауып, жасыра алмайды",- деп жазды.