Шамхани: Иранның адам құқығы мәселесіне көзқарасы Конституцияның принциптеріне негізделген
(last modified Sat, 16 Dec 2017 15:19:39 GMT )
Жел 16, 2017 21:19 Asia/Almaty
  • Шамхани: Иранның адам құқығы мәселесіне көзқарасы Конституцияның принциптеріне негізделген

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Иран Ислам Республикасының адам құқығы мәселесіне көзқарасының Конституцияның принциптері мен міндеттеріне негізделгенін айтты.

Әли Шамхани «Иранның қылмыстық кодексіндегі адам құқығы нормаларының көрінісі» атты конференцияда сөйлеген сөзінде: «Біржақты және саяси кеңістікті қамтитын үстемшіл жүйе адам құқығы сылтауымен Иран үшін түйткіл қалыптастыруға талпынуда. Алайда бұл мәселе тұрақты бақылау мен ықтималды әлсіз тұстарды жоюға кедергі болмауы тиіс» деп баса айтты.

Шамхани сот жүйесінің ақтау және рақымшылық жасау принциптерінің рақымды ислам дінінің тағылымдарына негізделгенін баяндап: «Түрлі істерге қатысты шешім қабылдауда және түрлі қаулыларды шығаруда қылмыстық соттың заңдарын қатаң сақтау,  тұтқынға алудың заңды дәлелдеріне назар аудару соттық тергеу жүйесін сапалы жүргізу қажеттіліктерінің қатарын құрайды» - деп мәлімдеді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сонымен бірге жемқорлықпен қатаң күресу қажеттігін қуаттап: «Бұқаралық ақпарат құралдары өткір тіл мен соттың иммунитетінің көмегімен кез-келген деңгейде дәлелденген жемқорлық туралы нақты ақпарат ұсынуы қажет» - деді.