Сардар Джазаери: Никки Хейли әскери мәселелерді жете түсінбейді
ИИР Қарулы күштерінің ақпарат өкілі АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілінің Иран мен Йеменнің қорғаныс қабілеті жөніндегі негізсіз сөзін оның әскери-қорғаныстық мәселелерден хабарсыздығының дәлелі санайды.
Бригада генералы Масуд Джазаери сенбі күні: "Америкалықтар Йемен қарсыласу күштерінің зымырандық технологиясының жоғары деңгейінен хабардар болғанда осындай күлкілі сөздерді айтудан бас тартатын еді",-деді.
ИИР Қарулы күштерінің ақпарат өкілі Вашингтонның ИИР мен қарсыласу қозғалысына қарсы коалиция құруға қауқарының жетпейтінін айтып: "АҚШ-тың душар болып отырған қиындықтарынан шығатын жолы әлемнің жер-жерінде соғысқұмарлық пен қылмыстық әрекеттерді тоқтатуымен тікелей байланысты ",-деді.
Йемендік басшылар өз армиясының қорғаныс қуатының толығымен жергілікті сипатқа ие екенін және Йеменнің Сауд әулеті режимі тарапынан жан-жақты қоршауға алынғанына қарамастан күн сайын дамып келе жатқанын бірнеше рет қуаттады.