Зариф: Иран АҚШ-тың үстінен БҰҰ-на шағым түсіреді
https://itolqyn.com/news/iran-i33053
ИИР Сыртқы істер министрі: "Иран АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейлидің Иран қару-жарақтарының Йеменнің Ансаролла қозғалысына берілгені туралы сөздеріне байланысты БҰҰ-на шағым түсіреді",-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 17, 2017 16:24 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран АҚШ-тың үстінен БҰҰ-на шағым түсіреді

ИИР Сыртқы істер министрі: "Иран АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейлидің Иран қару-жарақтарының Йеменнің Ансаролла қозғалысына берілгені туралы сөздеріне байланысты БҰҰ-на шағым түсіреді",-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күні таңертең хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф ресейлік "Спутник" ақпарат агенттігіне жіберген электронды хатында: "ИИР АҚШ тарапынан айтылған уәждерге қатысты БҰҰ-на шағым түсіреді",-деп жазды.

Сонымен қатар Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Хосейн Амир Абдуллахиан да Никки Хейлидің америкалық-саудиялық сахналанған қойылымын саяси масқарашылық деп атап: «Өткен үш жыл ішінде Йеменнің жапа шеккен халқын қырып-жою қылмысы Батыс елдері мен АҚШ-тың ең жаңа қару-жарақтарымен және Израильдің заңсыз режимінің ауқымды көмектерінің арқасында жүзеге асырылды",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Йемен дағдарысының тек саяси жолмен шешілетінін айтты.