Иран Президенті Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
ИИР Президенті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жіберген жолдауында ел тәуелсіздігінің 26 жылдығымен құттықтады.
Иран Президенті Хасан Рухани жексенбі күні өз жолдауында Иран мен Қазақстан арасындағы екіжақ қарым-қатынастарының екі елдің мүдделеріне сай алға ілгерілеуіне тоқталып: "ИИР Қазақстанды аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту саласында пікір алмасып, ынтымақтастық жасайтын сенімді көрші әрі серіктес санайды",- деп қуаттады.
Иран Президенті Қазақстан халқы мен үкіметіне табыс тілеумен бірге өткен кезеңнің маңызды тәжірибелеріне сүйеніп, екі елдің екіжақты және халықаралық деңгейлердегі қарым-қатынастарының арта түсуіне үміт білдірді.
Қазақстан 1991 жылдың желтоқсан айының 16 күні Тәуелсіздігін жариялады.