Иран саудиялықтардың Йемендегі қылмыстарын қатаң айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i33085
Иран СІМ-нің ақпарат өкілі бірнеше күн бұрын саудиялық қырғи ұшақтардың Йеменнің бейкүнә азаматтарының қаза болып, жарақаттануына соқтырған бұл елдің әскери емес нысандарына, атап айтқанда тұрғын үйлері мен түрлі қалалардағы базарларға жасалған шабуылдарын қатаң айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 18, 2017 14:59 Asia/Almaty
  • Иран саудиялықтардың Йемендегі қылмыстарын қатаң айыптады

Иран СІМ-нің ақпарат өкілі бірнеше күн бұрын саудиялық қырғи ұшақтардың Йеменнің бейкүнә азаматтарының қаза болып, жарақаттануына соқтырған бұл елдің әскери емес нысандарына, атап айтқанда тұрғын үйлері мен түрлі қалалардағы базарларға жасалған шабуылдарын қатаң айыптады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат өкілі Бахрам Ғасеми жексенбі күні кешке зорлық-зомбылыққа толы қылмыс құрбандары жақындарының қайғыларына көңіл айтып: "Йемендегі тұрғын аудандарды бомбалауды арттыруы мен оқшаулауды жалғастыруы және қорғансыз йемендіктерге гуманитарлық көмектерді жіберуге рұқсат бермеуі бұл елдің Йеменге жасаған басқыншылықта  жеңіліске ұшырағанын көрсетіп отыр",- деді.

Бахрам Ғасеми халықаралық қауымдастықтың Сауд Арабиясының соғыс қылмыстарына қатысты үнсіздік танытуын сынап, әскери емес нысандарға шабуылдар жасау мен халықаралық жауапты ұйымдар мен органдарды көмек көрсету мүмкіндігінен айыруды гуманитарлық құқықтардың негіздері мен заңдарын әшкере түрде бұзу деп атады.

Ғасеми сондай-ақ саудиялық басқыншылардың қару-жарақпен демеушілерін Арабстанның күнделікті жасап жатқан қылмыстарының сыбайластары деп атап, БҰҰ мен Йемен дағдарысына ықпал ете алатын мемлекеттерден шабуылдарды шұғыл түрде доғару үшін талпыныс жасауды сұрады.