Иран мен Ирак және Мали елдерінің Мәжіліс төрағалары Палестинаны қолдайтындықтарын қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i33117-Иран_мен_Ирак_және_Мали_елдерінің_Мәжіліс_төрағалары_Палестинаны_қолдайтындықтарын_қуаттады
Иран мен Ирак және Мали елдерінің Мәжіліс төрағалары Палестина тақырыбы мен қасиетті Құдсты Палестинаның астанасы ретінде қолдайтындықтарын қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 19, 2017 15:24 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак және Мали елдерінің Мәжіліс төрағалары Палестинаны қолдайтындықтарын қуаттады

Иран мен Ирак және Мали елдерінің Мәжіліс төрағалары Палестина тақырыбы мен қасиетті Құдсты Палестинаның астанасы ретінде қолдайтындықтарын қуаттады.

Иран, Ирак және Мали елдерінің Мәжіліс төрағалары дүйсенбі күні ислам әлемі мен аймақтың, әсіресе Палестина мен қасиетті Құдс мәселелерін талқылау мақсатында Теһранда өткен  үшжақты отырыстың  соңында баспасөз маслихатына қатысты.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани баспасөз маслихатында сөйлеген сөзінде үжақты отырысты өткізудің мақсатын Палестина мен аймақты тұрақсыздандыру мәселесіне немқұрайдылық  танытумен қарсыласу деп атады. Лариджани сондай-ақ, кейбір мемлекеттердің аймақтағы лаңкестікті қолдауына тоқталып, АҚШ-ты аймақтың саяси шиеленісуінен ең көп пайда көріп отырған ел деп атады.

Ирак Мәжілісінің Төрағасы Салим әл-Джабури де өз елінің Палестина тақырыбын қолдайтынын жариялап: "Сионистік режиммен экономикалық қарым-қатынастарға ие ислам елдері Палестина халқын қолдап, АҚШ-қа қысым көрсетіп, қарым-қатынастарын үзуі керек",- деп қуаттады.

Мали Мәжілісінің Төрағасы Исака Сидибе де Малидің Палестинаның армандарын қорғайтынын айтып, ислам елдерінің АҚШ пен Израильдің Палестинаға қатысты әрекеттеріне қатысты бірлік сақтауы керектігін қуаттады.  

Иран, Ирак және Мали елдері Мәжіліс төрағаларының үшжақты отырысының қорытынды мәлімдемесінде АҚШ-тың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялау шешімі айыпталуымен бірге шешімнің әлемнің бүкіл мұсылмандары мен христиандары және азаттық талап етушілерінің сезімдерін жаралағаны және Палестина халқының құқықтарын әшкере түрде бұзғаны баса айтылды.