Сафави: Иранға қарсы ықтималды қоқан-лоққылар әуе және теңіз арқылы жасалады
Бүкіл Қарулы күштердің бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі Иран Ислам Республикасына қарсы дұшпандардың келешектегі ықтималды қоқан-лоққылары туралы: «Иранға қарсы ықтималды әскери қоқан-лоққылар әуе және теңіз арқылы жасалады» - деді.
Бүкіл Қарулы күштердің бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі генерал майор Яхия Рахим Сафави сейсенбі күні Азияның оңтүстік- батыс аймағының қорғаныс және қауіпсіздік жағдайы туралы: «Иран Ислам Республикасының қарулы күштері әрдайым ақпараттық барлауын күшейтіп, іс-қимылға дайын болу арқылы ең қиын жағдайларға дайын ұстайды. Бір жағынан, Иранның мұнай және газ энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне қатысты жоғары беделі, екінші жағынан, Парсы Шығанағының жартысы мен Ормуз бұғазын толығымен басқаруы – Иран Ислам Республикасының геосаяси беделіне ықпал ететін негізгі факторлар. Иран Парсы Шығанағы аймағында тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалайды. Бұл мәселе аймақтан бөгде күштер шығарылмай және Парсы Шығанағы аймағының сегіз мемлекеті ынтымақтастық жасамаса, орындалмайды» - деді.