Зариф: Трамп басқа елдерге қоқан-лоққы жасау арқылы демократияны әлсіретеді
ИИР Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні кешке АҚШ-тың БҰҰ-да Құдсқа қатысты дауыс берілуіне білдірген ұстанымын сынап: «Вашингтон «Бізбен, немесе бізге қарсы» деген деңгейінде қалып отыр»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter әлеуметтік желісінде: «АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің зорлықшыл талаптарына қарсы тұруға батылы барған адамдарға қоқан‑лоққы жасау арқылы әлем деңгейінде демократияның орнауына кедергі болып отырғанын көрсетті»,-деп жазды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Вашингтонның Құдс туралы шешіміне қарсы әрекет жасауды көздеп отырған елдерге қоқан‑лоққы жасап: «АҚШ БҰҰ Бас ассамблеясында Вашингтонның Құдс туралы шешіміне қарсы дауыс беруді көздеп отырған елдерге өзінің қаржылай көмегін тоқтатады. Біз дауыс беру үдерісін бақылап отырмыз»,-деп қуаттады.
АҚШ Президенті, сондай-ақ, елінің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейлидің дүйсенбі күнгі шарасына, яғни Мысырдың Құдсқа қатысты ұсынысы туралы қарарға вето жариялағанына қуаныш білдіріп, оның әрекетіне ризашылық білдірді.