Зариф БҰҰ Бас ассамблеясында Құдс туралы қарардың бекітілуіне ризашылық білдірді
(last modified Fri, 22 Dec 2017 13:04:50 GMT )
Жел 22, 2017 19:04 Asia/Almaty
  • Зариф БҰҰ Бас ассамблеясында Құдс туралы қарардың бекітілуіне  ризашылық білдірді

Иран Сыртқы істер министрі бейсенбі күні кешке БҰҰ Бас ассамблеясында Құдс туралы қарардың бекітілуіне ризашылық білдірді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Әлем БҰҰ-да Трамп режимінің қоқан-лоққысы мен бұзақылығына қатаң жауап берді. 

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні: "Вашингтон БҰҰ Бас ассамблеясында Вашингтонның Құдс туралы шешіміне қарсы дауыс беретін мелмекеттерге қаржылай көмек беруді тоқтатады",- деп баса айтқан болатын.

Мұсылмандардың алғашқы құбыласы әл-Ақса мешіті орналасқан Құдс Палестинаның ажырамас бөлігі әрі исламның қасиетті үш маңызды мекендерінің бірі саналады.

Құдс 1967 жылдан бастап Израильдің басқыншылығына ұшырады.