Зариф хазірет Исаның (ғ.) туған күніне орай құттықтау жолдады
ИИР Сыртқы істер министрі сенбі күні кешке Twitter-дегі парақшасында бейбітшілік жаршысы хазірет Исаның (ғ.) туған күнімен және келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі парақшасында: "Сол уақытта періштелер: «Әй, Мәриям! Расында, Алла сені өзі тарапынан бір сөзбен қуантады. Оның аты - Мәсих Ғиса Мәриям ұлы дүние мен ақиретте беделді, сондай-ақ Аллаға жақындардан болады» деді ("Әли-Имран" сүресі, 45-аят)",-деп жазды.
ИИР Сыртқы істер министрі: "Хазірет Исаның (ғ.с.) туған күні баршаңызға шаттық пен бейбітшілік тілеймін. Барлығыңыз Жаңа жылда хазірет Исаның (ғ.с.) жаһандық бейбітшілік жолдауын қабылдарсыздар деген үміттемін",-деді.
2017 жылдың 25 желтоқсаны – хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.с.) туған күні.