Лариджани: Иран мен Пәкістан әріптестік жасау үшін жақсы мүмкіндіктерге ие
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Пәкістанмен жан-жақты қарым-қатынастарды дамыту үшін практикалық амалдардың қажеттігін айтып: "Екі елдің ынтымақтастығын кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер жасалған",-деді.
Әли Лариджани сенбі күні кешке ИИР-ның Пәкістандағы елшілігі қызметкерлерінің ортасында сөйлеген сөзінде Теһран мен Исламабад қарым-қатынасының әртүрлі кезеңдерде шарықтаулар мен құлдырауларды бастан өткергенін айтып, соған қарамастан, екі ел байланыстарының әрдайым достық және бауырлас сипатта болғанын атады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Пәкістанның көптеген тарихи және мәдени ортақтастықтарын екіжақты қарым-қатынасты дамытуда әсерлі фактор деп атап: "Екі ел тарихи және мәдени байланыстарға ие. Осындай мүмкіндіктерді пайдалану арқылы екіжақты қарым-қатынасты одан ары кеңейту керек",-деді.
Лариджани, сондай-ақ, газ құбырын салуды Иран мен Пәкістанның экономика саласында әріптестік жасау мұрсаттарының бірі деп атап: "Екі елдің экономикалық байланыстары мен тату көршілестігі көршілес елдермен сауда қатынасын кеңейтуді бұлтартқысыз қажеттілікке айналдырды",-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани "Лаңкестікпен күрес жолындағы түйткілдер және аймақтық ынтымақтастықтар" атты отырысқа қатысу үшін Исламабадқа сапармен барды.