Амир Абдуллахиян: Иран терроризммен күресті қолдайды
(last modified Mon, 28 Mar 2016 09:46:22 GMT )
Нау 28, 2016 15:46 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиян: Иран терроризммен күресті қолдайды

ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары ИИР-ның аймақтық елдердегі терроризммен күресті қолдайтынын тағы мәлімдеді.

ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары Амир Абдуллахиян жексенбі күні al-Alam телеарнасына берген сұхбатында Сириядағы Пальмира көне қаласының ДАИШ лаңкестері қолынан азат етілуімен құттықтап: «Иран Сирия, Ирак пен қатерге ұшыраған басқа да елдердегі терроризммен күресті қолдауды жалғастырады. Сирия терроризммен күрес жолында айбынмен ілгерілейтін болады. Болашақта лаңкестерге аймақта орын болмайды»,-деді.

Амир Абдуллахиян лаңкестерді басып-жаншу үшін аймақтық және халықаралық деңгейде ұжымдасқан әсерлі амалдардың атқарылу қажеттігін айтып: «Әлемнің барлық халықтары осы мәселенің өршуінен зиян көретін болады»,-деді.

ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары Йемендегі жағдайға тоқталып: «Әлем елдері Йеменнің аймақтағы терроризмнің өсіп-өршитін жаңа мекеніне айналауына жол бермеуі тиіс»,-деді.

Сирия Қарулы күштерінің бас қолбасшысы жексенбі күні таңертең Пальмира көне әрі тарихи қаласының толық бақылауға алынғанын жариялап: «Бұл жеңіс ДАИШ лаңкестік тобының жеңіліп, жойылуының бастамасы болып табылады»,-деп баса айтқан болатын.