Иран Мәжілісінде Палестина халқының исламдық көтерілісін қолдайтын төтенше жоба бекітілді
(last modified Mon, 25 Dec 2017 03:00:54 GMT )
Жел 25, 2017 09:00 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінде Палестина халқының исламдық көтерілісін қолдайтын төтенше жоба бекітілді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері Палестина халқының исламдық көтерілісін қолдайтын төтенше жоба бекітіп, Бейт әл-Мұқаддастың Палестина халқының мәңгілік астанасы болатынын қуаттады.

Иран Мәжілісінің өкілдері жексенбі күні Палестина халқының исламдық көтерілісін қолдайтын заңның бірінші бабына қосымша түзету енгізетін төтенші жоба бекітті. Қосымша түзетуде Бейт әл-Мұқаддастың Палестинаның мәңгілік астанасы екендігі қуатталды.

АҚШ Президенті Дональд Трамп әлемдік қарсылықтарға қарамастан, желтоқсанның 6 күні Бейт әл-Мұқаддасты заңсыз сионистік режимнің астанасы деп атады. Трамптың бұл шешіміне реакция ретінде желтоқсанның 21 күні БҰҰ-ның Бас ассамблеясында 128 оң, 9 қарсы, 35 қалыс дауыспен Құдс қарарының жобасы бекітілді. Бұл қарарға сәйкес БҰҰ Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми қабылдамады.