Рухани: Ядролық келісім – Иран мен әлемнің тарихында мәңгілікке қалатын оқиға
https://itolqyn.com/news/iran-i3328
ИИР Президенті Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімін Иран мен әлемнің тарихында мәңгілікке қалатын оқиға деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 28, 2016 16:14 Asia/Almaty
  • Рухани: Ядролық келісім – Иран мен әлемнің тарихында мәңгілікке қалатын оқиға

ИИР Президенті Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімін Иран мен әлемнің тарихында мәңгілікке қалатын оқиға деп атады.

Хасан Рухани жексенбі күні кешке Министрлер кабинетінің х.ш.ж.с.б. жаңа жылдағы алғашқы жиналысында үкімет мүшелерін жаңа жылмен құттықтап, олардың өткен жылдағы еңбектеріне алғыс білдіріп, саяси-экономикалық және құқықтық тұрғыдан өте маңызды саналатын ядролық келісімді Иран мен әлемнің тарихында мәңгілікке қалатын оқиға деп атады.

Рухани ядролық түсіністіктің қалыптасқанынан бері 2 айдың өткенін айтып, Иранның атқарушы органын ядролық келісімнен кейін орын алған өзгерістер жайында халыққа нақты есеп беруге міндеттеді.

ИИР Президенті осы келісімнің әсерлерін барынша пайдалану үшін біршама уақыттың қажет екендігін, біртіндеп инвестиция мен технология тарт арқылы экономикалық әріптестік жасауға қолайлырақ жағдайдың қалыптасатынын айтты.

Рухани, сондай-ақ, баршаға Иранда бірлікті нығайтуға, бір-біріне төзімділікпен қарауға және өзара әріптесуге кеңес беріп: «Ислам әлемін біріктіруді көздейтін қоғам үшін ортақтықтары көп қоғамда бір-бірімен әріптестік жасау осы исламдық армандарға адалдықты сақтау үшін жақсы нышан болып табылады»,-деді.

Иран Президенті қайшылық пен араздықтың баршаға зиян тигізетінін айтып: «Иран халқының дұшпандары араздықтың туындауын кесімді түрде қолдайды, өйткені осындай жағдайды олар өзінің қастандықтарын орындау үшін қолайлы санайды»,-деп қуаттады.