Лариджани: Надандық және зорлық-зомбылықпен күресу – хазірет Исаның тағылымы
https://itolqyn.com/news/iran-i33323
Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Иранның ассириялықтарын Жаңа жыл және бейбітшілік пен достық пайғамбарының туған күнімен құттықтап, надандық және зорлық-зомбылықпен күресуді хазірет Исаның тағылымдарының бірі деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 26, 2017 18:22 Asia/Almaty
  • Лариджани: Надандық және зорлық-зомбылықпен күресу – хазірет Исаның тағылымы

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Иранның ассириялықтарын Жаңа жыл және бейбітшілік пен достық пайғамбарының туған күнімен құттықтап, надандық және зорлық-зомбылықпен күресуді хазірет Исаның тағылымдарының бірі деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, дүйсенбі кешке ассириялықтардың әлемдік одағының бас хатшысы Иранның солтүстік-батысындағы Урумие қаласындағы хазірет Исаның туған күніне арналған рәсімде оқыған Әли Лариджанидің жолдауында: "Хазірет Исаның тағылымдары әлемнің әртүрлі жерлеріндегі достық қарым-қатынастардың кеңеюіне үлкен әсерін тигізді. Бұл пайғамбардың мейірімі бүгін басқа кезеңдерге қарағанда көбірек байқалуда. Иса пайғамбардың жақтастары оның бұйрықтарына сай амал етіп, әлемде бейбітшілік пен достықтың орнатылуына жағдай тудыра алады",- деп қуатталды.

Хазірет Исаның туған күніне арналған рәсім Урумие ассириялықтары мен жергілікті  басшылар және ассириялықтардың әлемдік одағы бас хатшысының қатысуымен Урумиенің "Нане Мәриәм" шіркеуінде өтті.