Лариджани: Сауд Арабиясының Израильмен қарым-қатынас орнатуы саудиялықтарға зиян келтіреді
(last modified Tue, 26 Dec 2017 12:40:29 GMT )
Жел 26, 2017 18:40 Asia/Almaty
  • Лариджани: Сауд Арабиясының Израильмен қарым-қатынас орнатуы саудиялықтарға зиян келтіреді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Сауд Арабиясының Израильмен қарым-қатынас орнатуын саудиялықтардың өздеріне зиян келтіреді деп тауып: "Америкалықтар исламдық елдердің арасына іріткі салып, олардың байлықтарын талан-таражға салуды көздеуде",- деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Исламабад сапарының соңындағы баспасөз отырысында саудиялық басшылардың Израиль режимімен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруге қатысты уәждері туралы: "Исламдық мемлекеттердің сионистік режиммен қарым-қатынас орнатуы ислам үмбетіне зиян келтіреді. Бұл қарым-қатынастар Сауд Арабиясының болмысына соққы береді. Сауд Арабиясы ислам мемлекеті ретінде ислам дініне сай амал етуге міндетті. Мәселен, Йеменге қарсы шабуылы мен сол елдің халқын қыруын тоқтатуы керек. Саудиялықтардың аймақтағы әрекеттері АҚШ-тың арандатуымен іске асырылуда",- деді.

Лариджани АҚШ Президентінің Құдс туралы шешімінің нәтижеге жетпеуіне сілтеме жасап: "Дональд Трамптың Бейт әл-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы ретінде таныстыруы ислам елдерінің бірлігін күшейтіп, басқа мемлекеттердің де Палестинаны қолдауына себеп болды",- деп қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Ауғанстандағы лаңкестік дағдарысты шиеленісті деп атап: "АҚШ 2001-ші жылдан бері лаңкестік және есірткімен күресті сылтауратып, Ауғанстанға кірді. Бірақ, содан бері бұл елде есірткі өндірісі 45 есе артты. Өйткені, АҚШ лаңкестікті ойынға айналдырды",- деді.