Велаяти: Палестина - ислам әлемінің басты мәселесі
(last modified Tue, 26 Dec 2017 16:13:28 GMT )
Жел 26, 2017 22:13 Asia/Almaty
  • Велаяти: Палестина - ислам әлемінің басты мәселесі

Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Палестинаны ислам әлемінің басты мәселесі деп атады.

Әли Акбар Велаяти баспасөз конференциясында: «Сионистік режимнің астанасы ретінде Құдсты ресми танудағы АҚШ-тың жуырдағы әрекеті мен Вашингтон елшілігін Бейт әл-Мұқаддасқа көшіру бұйрығы бүкіл әлемнің, әсіресе мұсылмандардың бұл мәселеге сезімталдығын көрсетті. Басып алынған Құдстың мәртебесін өзгертуге қарсы БҰҰ Бас ассамбеясында әлемнің түрлі мемлекеттерінің жоғары дауыс беруі дүниежүзілік қоғамдық пікірдің оянуы мен хабардарлығын көрсетті. Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ Израильдің астанасын өзгерту үшін тіпті бір оң дауысқа да ие болмады. Бұл америкалықтардың өздерінің БҰҰ-да АҚШ үкіметінің ықпалының төмендегенін сынауға себеп болды» - деді.