ИИР Ішкі істер министрі: Сауд Арабиясы ДАИШ-ты қалпына келтіруге мүдделі
(last modified Wed, 27 Dec 2017 08:11:23 GMT )
Жел 27, 2017 14:11 Asia/Almaty
  • ИИР Ішкі істер министрі:  Сауд Арабиясы ДАИШ-ты қалпына келтіруге мүдделі

Иранның Ішкі істер министрі ДАИШ лаңкестік тобының идеологиясымен шынайы күресуді сұрады.

Иранның Ішкі істер министрі Әлиреза Рахмани Фазли сейсенбі күні Теһранда өткен  елдің облыс әкімдерінің екінші отырысында аймақтың қауіпсіздік жағдайына тоқталып: «ДАИШ тобы жойылғанымен, олардың идеологиясы қалды. Олар қайтадан әрекет етуді көздеуде. Сионистік режим мен АҚШ ДАИШ-тың идеологиясын қолдайды. Сауд режимі бұл ағымды қайта жаңғыртпақ. Мұндай жағдайға қарамастан, Иранның қауіпсіздігін жақсы деп бағалауға болады. Аймақтың 2017-ші жылғы қауіпсіздік жағдайы өткен жылмен салыстырғанда жақсырақ. Ирак пен Сирияның үкіметтері осы саладағы әрекеттерін жалғастыруда»,- деді.

Рахмани Фазли сондай-ақ, саудиялық коалиция шабуылдарының салдарынан көптеген йемендіктің қаза болуына тоқталып: «ИИР Йемен мәселесіне қатысы келіссөз жүргізуді қолдайды. Иран әрқашан аймақ мәселелерін келіссөздер арқылы шешіп, бейбітшілік орнатуды қуаттап келеді»,- деді.