Джахангири: Машһад-Заһедан темір жолы – Шығыс пен Батыс арасындағы сауда бағыты
ИИР вице-президенті Машһад-Заһедан темір жолының Чабахар теңіз айлағымен байланысуын Шығыс және Батыс елдерінің даму бағытына айналуы мүмкін екендігін айтты.
Исһақ Джахангири Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан Разави облысында өткен Машһад-Заһедан темір жолының алғашқы бөлігі құрылысының салтанатты ашылу рәсімінде бұл жобаның ең маңызды аймақтық жобалардың бірі екенін баса айтып: "Машһад-Заһедан темір жолының Чабахар айлағымен байланысуы арқылы Шығыс пен Батыс, Қытай мен Үндістанның немесе Ауғанстан және Орталық Азия елдерімен сауда жасауға мүдделі мемлекеттері арасындағы рельстік даму бағытына айналуы мүмкін. Машһад-Заһедан темір жол желісінің бірінші бөлігі Систан мен Балучистан, Хорасан Разави және Оңтүстік Хорасан облыстарының орталықтарын бір-бірімен байланыстырып, оның ұзындығы 40 шақырымды құрайтын болады",- деп мәлімдеді.