Лариджани Иран мен Ирак арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды дамыту қажеттігін қуаттады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ирактың қауіпсіздік саласында қиын-қыстау кезеңді бастан өткізгенін айтып: "Екі елдің өзара әрекеттестігі тек саяси-қауіпсіздік саласында ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық салада да дамуы қажет",- деп баса айтты
Әли Лариджани Теһранда Ирактың Жастар ісі және спорт министрі Абдулхосейн Абдулреза Абтанмен кездесуінде: "Екі ел үкіметтері арасындағы қатынастар әрдайым Иран және Ирак халықтары қатынастарының ықпалымен дамып келді. Қазіргі жағдайда екі мемлекет ынтымақтастық жасау үшін оңтайлы әлеуеттерге ие ",- деді.
Ирактың Жастар ісі және спорт министрі бұл кездесуде ИИР-ға Ирак халқы мен үкіметіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп: "Иранның Иракқа қолдау көрсетудегі оң тәсілі бұл елдің ДАИШ лаңкестік тобына қарсы күресте жеңіске жетуіне негіз жасады",- деді.