Ғасеми: АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының Иран үшін оң нәтижелерін бұзуға кірісті
https://itolqyn.com/news/iran-i33413
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: "АҚШ-тың бүлдіргі әрекеттері мен уәде бұзушылықтары бұл елдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толығымен бұза алмағанын көрсетеді. Сол себепті бағдарламаның Иран үшін оң нәтижелерін бұзуға кірісті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 29, 2017 19:18 Asia/Almaty
  • Ғасеми: АҚШ

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: "АҚШ-тың бүлдіргі әрекеттері мен уәде бұзушылықтары бұл елдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толығымен бұза алмағанын көрсетеді. Сол себепті бағдарламаның Иран үшін оң нәтижелерін бұзуға кірісті.

Иран АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты атқаратын шарасының түріне қарай тиісті шешім қабылдайды",-деді. ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы 2018 жылдың 14 қаңтарында АҚШ Президентінің Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін растамау ықтималдығы туралы: "Иран бұл бағдарламаны бірінші болып бұзбайтынын  сан рет баса айтты. Егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бұзылатын болса, алдын ала қабылданған шешімдер бойынша әрекет ететін болады",-деді.

АҚШ Президенті 2017 жылдың қазан айында Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін растаудан бас тартты. Дональд Трамп осы шешімді қабылдағаннан кейін АҚШ Конгресіне Иранға қарсы санкцияларды қайта бастау туралы шешім қабылдауы үшін  60 күндік мұрсат берді. Алайда АҚШ Конгресі белгіленген мерзімнен кейін бұл жөнінде шешім қабылдауды Трамптың өзіне тапсырды. Трамп 2018 жылдың қаңтар айының ортасында осы мәселе жөнінде шешім қабылдайды.