Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: батылдық және иман рухы жаулардың дұшпандық әрекеттеріне тосқауыл қояды
(last modified Tue, 02 Jan 2018 16:41:56 GMT )
Қаң 02, 2018 22:41 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: батылдық және иман рухы жаулардың дұшпандық әрекеттеріне тосқауыл қояды

Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Ирандағы оқиғалар мен Иран ислам жүйесіне соққы беруді қалайтын дұшпандардың талпыныстарына тоқталып: «Жаулар мен олардың дұшпандық әрекеттеріне төтеп беретін нәрсе, ол халықтың батылдығы мен иман рухы» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бүгін, сейсенбі күні  бірқатар шәһидтердің отбасыларымен апта сайынғы кездесуінде Иран халқының ғиззаты мен қауіпсіздігін, дамуын шәһидтер құрбандығының арқасы деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи дұшпандардың әрдайым мүмкіндік пен Иран халқына соққы беруді күтетінін баса айтып: «Соңғы бірнеше күні Иранның дұшпандары ықтиярларындағы түрлі құралдарымен, соның ішінде қаржылай, қару-жарақпен демеп, саясат және қауіпсіздік органдарымен одақтасып, Иран Ислам жүйесіне қиындық тудыруда» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі орын алып жатқан оқиғаларға қатысты ойымен уақыты келгенде халықпен пікір алмасатынын мәлімдеді.

Хазірет аятолла Хаменеи жаулардың дұшпандық әрекеттерін алдын-алуда батылдық және өзін-өзі құрбан ету рухының маңызды рөліне тоқталып, шәһидтерді осы рух пен талпыныстың айқын үлгісі деп атап: «Иран халқы мәңгілікке үйлері мен отбасыларынан қол үзген, Батыс пен Шығыстың қолдауы мен аймақтың реакциясына ие қатыгез дұшпандарға қарсы тұрған қадірлі шәһидтерге борыштар» деді.    

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Азияның батысы мен Африканың солтүстігі аймағының кейбір мемлекеттерінің өкінішті жағдайларын еске алып: «Егер бір кездегі таңған соғыста "баастық" дұшпанның аяғы Иранға жеткенде ешкімге рақымшылық жасамаған болар еді. Онда Иранда Ливия мен Сирияның бүгінгі жағдайынан әлдеқайда нашар жағдай орнаған болар еді"  деді.

 

 

Тегтер