Шамхани: Иран еш уақытта Палестина халқын қолдауды тоқтатпайды
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Палестина туралы келіссөздердің мақсатын Палестина мәселесін ұмыттыру деп атады.
Әли Шамхани Ливанның "Әл-Майадин" телеарнасына берген сұхбатында АҚШ Президентінің Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде таныстыруы туралы: "АҚШ-тың соңғы шешімі Палестина туралы келіссөздерді тоқтатуды білдіреді. Дональд Трамптың бұл шешімі Палестинаның бірлігіне себеп болды. Иран еш уақытта Палестина халқын, Палестина мәселесі мен палестиналық басшыларды қолдаудан бас тартпайды",- деді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сондай-ақ, АҚШ-тың «Иран Йеменге зымырандық көмек көрсетті» деген айыптары туралы: "Бұл айыптар әлемнің қоғамдық пікірін АҚШ-тың Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына қатыстылығынан бұрмалауды көздейді. Йемендіктер стратегиялық қаруға ие. Олар Иранның қолдауын қажет етпейді",- деді.