Шамхани: Иран еш уақытта Палестина халқын қолдауды тоқтатпайды
(last modified Wed, 03 Jan 2018 11:21:52 GMT )
Қаң 03, 2018 17:21 Asia/Almaty
  • Шамхани: Иран еш уақытта Палестина халқын қолдауды тоқтатпайды

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Палестина туралы келіссөздердің мақсатын Палестина мәселесін ұмыттыру деп атады.

Әли Шамхани Ливанның "Әл-Майадин" телеарнасына берген сұхбатында АҚШ Президентінің Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде таныстыруы туралы: "АҚШ-тың соңғы шешімі Палестина туралы келіссөздерді тоқтатуды білдіреді. Дональд Трамптың бұл шешімі Палестинаның бірлігіне себеп болды. Иран еш уақытта Палестина халқын, Палестина мәселесі мен палестиналық басшыларды  қолдаудан бас тартпайды",- деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сондай-ақ, АҚШ-тың «Иран Йеменге зымырандық көмек көрсетті» деген айыптары туралы: "Бұл айыптар әлемнің қоғамдық пікірін АҚШ-тың Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына қатыстылығынан бұрмалауды көздейді. Йемендіктер стратегиялық қаруға ие. Олар Иранның қолдауын қажет етпейді",- деді.