Америкалықтар аймақты тұрақсыздандырып, сионистік режимнің стратегиясын іске асыруда
Иранның Қорғаныс министрі: "Америкалықтар әлемнің әртүрлі аймақтарындағы сәтсіздіктеріне басқаларды кінәлап, сионистік режимнің стратегиясын іске асыруда",- деді.
Иранның Қорғаныс министрлігінің қоғамдық бөлімінің мәліметі бойынша, елдің Қорғаныс министрі бейсенбі күні телефон арқылы сұхбатта Пәкістан Қорғаныс министрі Хуррам Дастгирханмен сөйлесіп, аймақ пен ислам үмбеті жағдайының аймақ пен ислам әлемінің екі маңызды елі – Иран мен Пәкістан басшылары арасындағы кеңесулердің арттыруын қажет ететінін қуаттаған.
Иранның Қорғаныс министрі Ауғанстандағы есірткі егудің артуын, лаңкестіктің етек жаюын, тынышсыздықтардың күшеюі мен Ауғанстан, Йемен, Ирак пен Сирия елдеріндегі күнделікті жазықсыз адамдардың өлтірілуін АҚШ-тың ақымақ саясаттарының салдары деп атады.
Пәкістанның Қорғаныс министрі Хуррам Дастгирхан да Иран мен Пәкістанның қорғаныс саласындағы екіжақты қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарының артуы мен аймақ мәселелеріне қатысты пікір алмасуын қолдап: "Аймақтағы өзгерістер ынтымақтастықтардың артуын қажет етеді",- деп баса айтты.