Иранның зымырандық әлеуеті - дұшпандардың көзіне қадалған жебе
ИИР өзінің қорғаныстық әлеуеті мен тежегіш күшін нығайту саласында дұшпандардың қоқан-лоққыларына қарсы және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау бойынша үлкен қадамдар жасады.
Иранның аймақтағы лаңкестікпен күресте қол жеткізген табыстары егер Батыс Азияда салыстырмалы түрдегі тұрақтылық болса, аймақта бүлік тудыру, бүлдіргі әрекет жасау және тұрақсыздық тудыруды көздеп отырған АҚШ пен оның аймақтық одақтастары қолдап отырған аймақтық қауіпсіздікті бұзушы қозғалыстарға қарсы бар күш-қуатымен табандылық көрсетуі мен тежегіш күштен туындап отыр деген ақиқаттың айқын дәлелі саналады.
АҚШ-тың Иранның әскери күш-қуаты мен қабілетін өзінің билікқұмарлығы жолындағы үлкен бөгет санайтыны күмәнсіз. Сондықтан, ол Иранды қаралау және оған қарсы санкция қолдану арқылы Иранның қоғаныстық әлеуетін әлсіретуді көздейді. АҚШ үкіметі дәл осы мақсатта Иранға қарсы санкция жариялады.
АҚШ Қаржы министрлігі өзінің жуырдағы әрекетінде: "Ислам республикасының бес өнеркәсіптік тобы Иранның зымырандық бағдарламасына қатысы бар деген дәлелмен халықаралық қаржы жүйесінен шығарылды",- деп мәлімдеді. АҚШ-тың Қаржы министрлігі 2017 жылы қаңтардың он сегізі күні 18 ирандық және шетелдік жеке тұлға мен топты түрлі сылтаулармен, соның ішінде Иранның зымырандық бағдарламасына қатысы бар деген сылтаумен санкция салынған тұлғалар мен ұйымдардың тізіміне енгізді.
Әрине бұл әрекеттер тек Трамп билік еткен кезеңмен шектелмейді. АҚШ-тың басқа да үкіметтері Иранның аймақ пен әлемге ықпал ету қуатын мойындауымен қатар, әрдайым Иранның әскери қуатын, әсіресе зымырандық қуат саласындағы әлеуетін әлсіретуді көздеген.
The American Enterprise басылымы 2017 жылдың тамыз айында жариялаған мақаласында: "Иранның ең жоғары шеберлікке жеткен салалардың бірі – баллистикалық зымырандарды жасауы. Иранның баллистикалық зымырандары осы елдің тежегіш әлеуетінің негізгі өзегі саналады. Теһран бүгінгі таңға дейін баллистикалық зымырандар жасау сияқты ешбір салаға көп инвестиция салып, бар назарын аударған емес",- деп жазды.
Иран әлемдік алпауыт елдердің Саддамға ауқымды түрде қолдау көрсетуімен басталған таңылған соғыс кезінде әсіресе Ирактың Баас режимінің бейбіт тұрғындар мекендейтін қалалар мен аймақтарына зымырандық шабуылдары салдарынан көптеген шығын мен зардап шекті. Зымырандық қорғаныс саласын қуатты етудің дәлелдеріне Иранның өткендегі тәжірибелері мен таңылған соғыс кезіндегі басына түскен қиындықтары жатады.
Иран Парсы шығанағындағы кейбір араб елдері секілді ешқашан миллиардтаған қару-жарақ сатып алуды көздеген жоқ. Себебі, ол өзінің қорғаныстық қажеттіліктерін халықаралық құқықтарға сәйкес, жергілікті әлеуеттер мен ирандық мамандардың білімін пайдалану арқылы қамтамасыз ете алатынын білді.
Бірақ, Иранның Қарулы күштері әлеуеттерін ешқашан қоқан-лоққы жасау немесе басқа елдерге басқыншылық жасау үшін пайдаланған емес. Алайда өзінің және аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнген кез келген қауіп-қатер және бүлдіргі әрекетпен күресу үшін қорғаныс саласындағы әрекеттерін міндетті түрде жүзеге асырады.
Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Амир Хатами 2017 жылы қыркүйектің жиырма үші күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иранның қорғаныстық өнеркәсібінің отандық өнеркәсіп екендігін баса айтып: "Исламдық Иранға ешқандай қоқан-лоққы, санкция және қысым әсер ете алмайды. Ирандық мамандар осы бағытты одан әрі жалғастырады",- деді.