Ирандықтардың ұлттық ерлігі АҚШ пен Израиль және Сауд режимнің қастандықтарын залалсыздандырды
Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы ирандықтардың бейберекеттіктерге қарсы ерлігінің жаңа бүлік пен АҚШ, Ұлыбритания, сионистік режим, Сауд режимі мен «Монафеқин» лаңкестік топтарының қастандықтарын залалсыздандырғанын қуаттады.
Ислам революциясының Сақшылар корпусы жексенбі күні Ислам революциясы мен Иран халқы дұшпандарының қастандықтары сәтсіздікке ұшыраған соң мәлімдеме жариялап, халық пен басидж күштеріне, полиция мен Қауіпсіздік министрлігінің күштерінің ерлігіне алғыс айтып: "Иранның мүмін және рволюцияшыл халқының ерлігі бұл елдің ұлы халқының айбынын мәңгілік, армандарының дұшпандардың шайтандық мақсаттарына жету мүмкіндіктерінен жоғары екенін көрсетті",- деп баса айтты.
2017 жылдың желтоқсан айының жиырма сегізінен бері Иранның кейбір қалаларында кейбір тауарлардың қымбаттауы мен тұрмыс жағдайына наразылық білдірген және қаражаттарынан айырылған адамдардың жиындары өтті. Бірақ, кейбір жиындар шетелдік күштердің қолдауына ие азғырушылар мен арандатушылардың салдарынан қоғамдық тәртіптің бұзылуымен бетпе-бет келді.
Иран халқы өткен бірнеше күнде халық жаппай қатысқан ауқымды шерулер өткізіп, дұшпандардың жаңа қастандықтары мен тәртіп бұзушылықтарына, халықтың мүлкін қиратушыларға жиіркеніш білдірді.