Зариф: Сирия мен Ирактағы тайпалық әрекеттер аймақ пен әлем үшін қатер
https://itolqyn.com/news/iran-i33725-Зариф_Сирия_мен_Ирактағы_тайпалық_әрекеттер_аймақ_пен_әлем_үшін_қатер
Иран Сыртқы Істер Министрі аймақ елдерінің ұлттық бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтауды қажеттілік деп атап, Сирия мен Ирактағы бөлінуді талап еткен тайпалық әрекеттерді аймақ пен әлем үшін қатер деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 08, 2018 21:55 Asia/Almaty
  • Зариф: Сирия мен Ирактағы тайпалық әрекеттер аймақ пен әлем үшін қатер

Иран Сыртқы Істер Министрі аймақ елдерінің ұлттық бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтауды қажеттілік деп атап, Сирия мен Ирактағы бөлінуді талап еткен тайпалық әрекеттерді аймақ пен әлем үшін қатер деп атады.

Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф бүгін дүйсенбі күні Теһранда өткен екінші қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде: «Аймақтағы Американың араласушылықтары мен саясаттары жағдайдың одан бетер шиеленісе түсуіне себеп болатын ең негізгі түйткілдердің бірі. Америка Сирия жеріндегі заңсыз құзырымен өзінің бүлдіргі әрі түйткілді күшейтетін саясаттарын жалғастыруда. Сионистердің Палестинаны жаулап алуы – аймақ пен әлемнің алдында тұрған ең өзекті мәселе. Американың Құдсты сионистік заңсыз режимнің астанасы ретінде жариялауы оның мұсылмандармен, ислам үкіметтерімен дұшпандығын әшкере түрде мәлімдеп, экстремизм мен терроризм үшін мұрсат қалыптастыру саналады» деді.

Иран Сыртқы Істер Министрі Арабстанның Йемен халқына қарсы шапқыншылығының жалғасуын аймақтағы түйткіл қалыптастырушы факторлардың бірі деп атап: «Басқыншылар нәтижесіз соғыстың 33 айынан кейін бұл мәселенің әскери шешім жолы жоқ екендігін түсінуі керек» деді.

Иран СІМ ДАИШ күштері мен сол сияқты топтардың әлі белсенді екендігін қуаттап: «Басқа аймақтарда экстремизмнің ықпалы мен таралуына тосқауыл қойып, экстремистердің идеологиялық ошақтарын толығымен басып-жаныштап, қаржы қорларын тоқтату солардың қалдықтарымен күресті жалғастыруда басымдылыққа ие  болуы керек» деп баса айтты.