Рухани: АҚШ үкіметі Иран халқына қатысты қателіктерін қайталап отыр
ИИР Президенті АҚШ-тың қазіргі үкіметінің Иран халқына қатысты қателіктерді қайталап отырғанына тоқталып: "АҚШ Иран халқына қарсы тұру сияқты қате жолдарды таңдап, әрқашан сәтсіздікке ұшырайды. Соңғы күндері де бұл ел БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде абыройдан айрылды",- деді.
Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні елдің Экономика және қаржы министрі және оның орынбасарларымен кездесуінде Иранның аймақ пен әлемдегі ықпалды рөлі мен дұшпандардың Иранда тынышсыздық орнату мақсаттарына тоқталып: "ИИР дұшпандарға қатаң жауап береді. Бүгін аймақтың кейбір үкіметтері сионистік режим мен АҚШ-қа қосылып, Иранға дұшпандық білдіруде. Біздің халқымыз кезінде америкалықтарды елден қуып шықты. Вашингтонның Иран халқына дұшпандық білдіруінің себебі дәл осы мәселед. АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүшелігін Иранның ішкі істеріне араласу үшін пайдаланды. Бірақ әлем мемлекеттері АҚШ-қа қарсы тұрды",- деді.