Теһрандағы екінші қауіпсіздік конференциясы қорытынды мәлімдеме жариялады
https://itolqyn.com/news/iran-i33743-Теһрандағы_екінші_қауіпсіздік_конференциясы_қорытынды_мәлімдеме_жариялады
Теһрандағы екінші қауіпсіздік конференциясына қатысушылар трансаймақтық мемлекеттердің саясаттары мен араласушылықтарын қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеспеуімен қатар, керісінше, аймақтағы тынышсыздықтар мен бейберекеттіктерге себеп болды деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 09, 2018 14:44 Asia/Almaty
  • Теһрандағы екінші қауіпсіздік конференциясы қорытынды мәлімдеме жариялады

Теһрандағы екінші қауіпсіздік конференциясына қатысушылар трансаймақтық мемлекеттердің саясаттары мен араласушылықтарын қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеспеуімен қатар, керісінше, аймақтағы тынышсыздықтар мен бейберекеттіктерге себеп болды деп атады.

Теһрандағы екінші қауіпсіздік конференциясы әлемнің 49 елінің саяси, қауіпсіздік саласының қайраткерлері мен зерттеушілерінің қатысуымен өтті.

Конференцияның қорытынды мәлімдемесі Батыс Азия аймағындағы қазіргі сезімтал жағдайға тоқталып: "ДАИШ сынды лаңкестік және тәкфиршіл топтардың қоқан-лоққылары төмендегенімен, аймақ пен трансаймақтық мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ Президентінің қате саясаттары аймақтың қауіпсіздігін жаңа қоқан-лоққыларға тіреді",- деп баса айтты.

Теһрандағы екінші қауіпсіздік конференциясына қатысушылар АҚШ үкіметінің Бейт әл-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми қабылдауын аймақтағы қайшылықтар мен  дағарыстардың факторы деп атап, Палестина халқының заңды құқықтарын, атап айтқанда палестиналық босқындардың өз жерлеріне қайту құқығын, сионистік режимнің басқыншылығын тоқтатуын, астанасы Бейт әл-Мұқаддас қаласы болатын Палестина мемлекетін құруды қуаттады.