Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты барлық жағдайға дайын
АҚШ Президенті Дональд Трамп жақын арада "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты қорытынды пікірін жариялайды. Трамптың шешімі бұл мемлекет пен басқа халықаралық ойыншылар үшін маңызды салдарларға ие болады.
АҚШ Президенті 2017 жылдың қазан айының 13 күні Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табандылығын растаудан бас тартып, Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығатынын ескертіп, аталмыш келісім туралы шешімді АҚШ Конгресінің мойнына артқан болатын.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон "Associated Press" берген сұхбатында Трамптың алдағы бірнеше күнде бұл келісімге өзгеріс енгізетіні немесе одан шығатыны туралы жариялайтынын хабарлады.
Иран Сыртқы істер министрінің Құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Сейед Аббас Арақчи дүйсенбі күні Теһрандағы қауіпсіздік конференциясының отырысында АҚШ Президентінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының күшін жою ықтималы туралы ескертіп: "Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты барлық жағдайға дайын",- деді.
Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзғаны туралы мәліметтерсіз бұл ядролық келісімді бұзу талпыныстар Қытай, Франция, Германия, Ресей мен Ұлыбритания және АҚШ-тан құралған "алтылық" тобының ыдырауына себеп болуы мүмкін. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының күшін жою халықаралық қоғамға теріс әсерін тигізіп, АҚШ-тың халықаралық міндеттемелерін орындамайтындығын көрсетеді. Мұндай нәтиже басқа мәселелерге қатысты келісімдерге келуді қиындатады.
Трамптың алдағы күндердегі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды болуы туралы шешімі Қауіпсіздік кеңесі үшін өте маңызды. Өйткені, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы тәуелсіз келісім болғанымен, Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарымен байланысты. Сол себепті оның күшін жою немесе өзгеріс енгізу аталмыш қарарға күмән тудырады. Осыған орай АҚШ-тың ұстанымы Еуроодақты алаңдатуда. Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары комиссары Федерика Могерини өткен жылы Вашингтонға сапар шегіп, АҚШ басшылары мен Конгресін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табандылық танытуға көндіруге талпыныс жасады. Алайда, талпыныстары нәтижеге жетпеді. Расында АҚШ-тың басшыларының көбі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының күшін жоюдың қате екенін түсінеді. АҚШ-тың бір топ әскери зейнеткерлері, Конгресс мүшелері мен дипломаттары, соның ішінде АҚШ-ның 52 ұлттық қауіпсіздік эксперті елдің Президенті Дональд Трампқа хат жолдап, Иранмен жасалған ядролық келісімді қатерге тіремеуді талап еткен болатын.
Еуроодақтың баспасөз хатшысы дүйсенбі күні Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Могеринидің қаңтардың 11 күні Брюссельде Ұлыбритания, Франция, Германия және Иран Сыртқы істер министрлерімен кездесетінін хабарлады.
АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты алдағы күндердегі шешімі халықаралық шешімдер мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі сынды әлемдік органдардың сенімділігін бағалайтын өлшем болады.
Иранның ядролық келісімге табандылығын 9 рет растаған Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Еуроодақ пен Қауіпсіздік кеңесінің басқа мүшелері сынды АҚШ-тың уәде бұзушылықтарына айқын да қатаң ұстаным білдіруі керек.