Велаяти: Америка «Ортақ қадам» бағдарламасынан шығатын болса Иранның мақсаты айқын
Қаң 09, 2018 21:44 Asia/Almaty
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Америка «Ортақ қадам» бағдарламасынан шыққан жағдайда ИИР-ның мақсатының айқын екенін айтты.
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Али Акбар Велаяти бүгін сейсенбі күні «Америка «Ортақ қадам» бағдарламасынан шықса ИИР қандай реакция білдіреді?» деген сұраққа берген жауапта: «Пайда біржақты болмауы керек. Иран өзінің барлық міндеттемелеріне берік болады. "Ортақ қадам» мен Ислам кеңесі мәжілісінің заңында Америка аталмыш бағдарламадан шыққан жағдайда Иранның қандай реакция көрсететіні ескерілген» деді.