Салехи: Иранмен келіспеу үш еуропалық мемлекеттің мүддесіне сай емес
Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы Теһранның өткен кезеңде Ұлыбритания, Франция және Германиямен ядролық мәселеге қатысты келіссөздер жүргізгеніне тоқталып: "Иранмен келіспеу өткен кезеңдегіндей үш еуропалық мемлекеттің мүддесіне сай болмайды",- деп қуаттады.
Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи сейсенбі күні Теһранда Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Джек Стромен кездесуінде ядролық келісімнің қазіргі жағдайын АҚШ Президенті Дональд Трамптың психикалық тұрақсыздығының салдары деп атап: "АҚШ-тың тудырып отырған қиындықтарына қарамастан Иран жағдайға қарай өз мүддесне сай шешім қабылдайды",- деді.
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Ұлыбританияның Иранға Қазақстан арқылы 900 тонна табиғи уранды сатуға кедергі жасап отырғанына да назар аудартты.