Зариф: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жіті қадағалануы керек
(last modified Thu, 11 Jan 2018 08:56:52 GMT )
Қаң 11, 2018 14:56 Asia/Almaty
  • Зариф:

ИИР Сыртқы істер министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының барлық мүшелерінің бір-бірімен үйлесе әрекет етіп, бұл жетістіктің нақты орындалып жатқанына көз жеткізуі керектігін қуаттады.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде Ресей үкіметінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының орындалуын қуаттауына алғыс білдіріп: "Бұл бағдарлама – әлемдік қауымдастықтың өткен жылдарда қол жеткізген шектеулі жетістіктерінің бірі. АҚХА Иранның осы бағдарламаға беріктігін бірнеше рет растады

Өкінішке орай, «Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының бір мүшесі осы уақытқа дейін өз міндеттемелерін толығымен орындамағанымен қатар бұл салада бүлдіргі саясат ұстанып келеді",-деп мәлімдеді.

Лавров та Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесуінде Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясындағы барлық міндеттемелеріне берік болып, толық орындағанын қуаттады.

Ресей Сыртқы істер министрі осы бағдарламаның баптарын орындаудың аса маңызды екенін айтып: "АҚХА-нің бас директоры Юкиа Амано да Иранның аталмыш бағдарламаның баптарына беріктігін растады.

Ресей "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының орындалуы мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесін шешуді қолдайды",-деді.