Ирактың парсы тілінің оқытушылары мен мұғалімдеріне арналған парсы тілін жетілдіру курстары басталды
(last modified Fri, 12 Jan 2018 03:22:59 GMT )
Қаң 12, 2018 09:22 Asia/Almaty
  • Ирактың парсы тілінің оқытушылары мен мұғалімдеріне арналған парсы тілін жетілдіру курстары басталды

Иранның "Сағди" қоры мен ИИР-дың Ирактың астанасы Бағдад қаласындағы Мәдени өкілдігінің ынтымақтастығымен Ирактың парсы тілінің оқытушылары мен мұғалімдеріне арналған парсы тілін жетілдіру курстары басталды.

Иранның "Сағди" қоры бас директорының Білім беру және зерттеу істері жөніндегі орынбасары алты күндік курсқа Ирактың ғылыми-академиялық орталықтарында жұмыс істейтін парсы тілінің оқытушылары мен мұғалімдері қатысып жатқанына тоқталып: "Мұндай курстарды ұйымдастырудағы мақсат ирактық оқытушылар мен мұғалімдердің парсы тілі бойынша білімдерін жетілдіріп, деңгейін көтеру болып табылады. 1872 жылы Берлинде өткен әдеби отырыста парсы тілі әлемнің классикалық тілдерінің бірі ретінде ресми түрде танылып, тіркелді",- деді.

 

Тегтер