Зариф: "Ортақ қадам" келісімі туралы қайтадан келіссөз жүргізілмейді
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ президентінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты шектен тыс дәметуіне білдірген реакциясында: ""Ортақ қадам" келісімі туралы қайта келіссөз жүргізілмейді. АҚШ өз міндеттемелерін орындауы тиіс",- деп баса айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Трамптың саясаты мен оның жұма күні кешке жариялаған мәлімдемесі БҰҰ мен Халықаралық Атом Қуаты Агенттігі тарапынан расталған көпжақты мықты келісімге нұқсан келтіруге бағытталған пайдасыз талпыныс саналады. "Ортақ қадам" келісімі туралы қайта келіссөз жүргізілмейді. Сол себепті АҚШ ескі сөздерін қайталаудың орнына Иран секілді "Ортақ қадам" негізіндегі өз міндеттемелерін орындауы тиіс",- деді.
АҚШ-тың бұрынғы Энергетика министрі Эрнест Мониц де "Иран "Ортақ қадам" бағдарламасына табандылық танытып отырған жағдайда еуропалықтар бұл елге қарсы санкцияларды қайтадан күшіне енгізуді қабылдамайды",- деген болатын.
Эрнест Мониц Трамп үкіметінің "Ортақ қадам" келісімінің еуропалық тараптарынан тіпті Иран бұл келісімге берік болған жағдайда да санкцияларды қайта күшіне енгізуді қалайтынын баяндап: «"Ортақ қадам" келісімінің еуропалық тараптары Трамптың "Ортақ қадамға" қарсы саясаттарын қолдамайды",- деді.
Сондай-ақ, Германия СІМ АҚШ үкіметінің "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты мәлімдесіне реакциясында: "Берлин Иранмен ядролық келісімді жүзеге асыруды одан әрі жалғастырады",- деп қуаттады.
Германия СІМ жұма күні кешке мәлімдеме жариялап, Берлиннің басқа еуропалық серіктестерімен бірге келесі әрекеттер жайлы сұхбаттасатынын хабарлады.