ИИР президенті ядролық қозғалтқыш жасау жобасын жүзеге асыру туралы жарлық шығарды
(last modified Sat, 13 Jan 2018 10:27:54 GMT )
Қаң 13, 2018 16:27 Asia/Almaty
  • ИИР президенті ядролық қозғалтқыш жасау жобасын жүзеге асыру туралы жарлық шығарды

ИРНА-ның хабарлауы бойынша Иран Атом Қуаты ұйымының басшысы Али Акбар Салехи жұма күні кешке ИИР президентінің ядролық қозғалтқыш жасау жобасын жүзеге асыру туралы жарлық шығарғанын хабарлап:

"Иран Атом қуаты ұйымының барлық қызметкерлері ИИР президентінің жарлығын орындау үшін жұмылдырылды",- деп баса айтты.

ИИР президенті Хасан Рухани 2016 жылы желтоқсанның он үші күні АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімін жүзеге асыруға немқұрайдылықпен қарап, кешіктіріп және оны бұзуының жалғасында Иран Атом қуаты ұйымының басшысына жазған хатында бейбіт ядролық бағдарламаны дамыту барысында және халықаралық міндеттемелер шеңберінде Иранның Атом қуаты ұйымы ғылыми-зерттеу орталықтарымен әріптесе отырып, теңіз тасымалы саласында пайдалану үшін ядролық қозғалтқышты жобалап, жасау үшін жоспарлау жұмыстарын бастауға бұйрық берген болатын.

 

Тегтер