Бруджерди: ИИР зымырандық әлеуеттерін күшейту саласындағы саясаттарынан зәрредей кейін шегінбейді
https://itolqyn.com/news/iran-i33875-Бруджерди_ИИР_зымырандық_әлеуеттерін_күшейту_саласындағы_саясаттарынан_зәрредей_кейін_шегінбейді
Иранның Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы Иранның өзінің ұлттық мүдделері негізінде шешім қабылдайтынын қуаттап: "ИИР зымырандық әлеуеттерін күшейту саласындағы өзінің саясаттарынан зәрредей кейін шегінбейді" деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 13, 2018 20:33 Asia/Almaty
  • Бруджерди: ИИР зымырандық әлеуеттерін күшейту саласындағы саясаттарынан зәрредей кейін шегінбейді

Иранның Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы Иранның өзінің ұлттық мүдделері негізінде шешім қабылдайтынын қуаттап: "ИИР зымырандық әлеуеттерін күшейту саласындағы өзінің саясаттарынан зәрредей кейін шегінбейді" деді.

Иран студенттерінің хабар агенттігі "ISNA"-ның хабарлауы бойынша Аллаэддин Бруджерди кеше жұма күні кешке Американың "зымырандық бағдарламамен байланысты" деген сылтаумен Иранның 14 азаматын санкциялар тізіміне кіргізген дұшпандық шарасына білдірген реакцияда: "Американың бұл қисынсыз әрекеті "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзуының дәлелі. Себебі, Вашингтон тағы да санкция салу әрекетіне жүгінді" деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы зымырандық әлеуеттерінің дұшпандардың қоқан-лоққыларына қарсы Иранның тежеуіш құралы екендігін мәлімдеп: "Егер, америкалықтар қисынсыз әрекеттері мен "Ортақ қадам" келісіміне қайшы шараларын жалғастыратын болса, ИИР өзінің ұлттық мүдделері аясында және ядролық қуатты бейбіт мақсатта пайдалану деген принципіне байланысты тиісті қадамдар жасайды" деді.