Ислам революциясының жетекшісі ирандық мұнай танкері экипажының қаза болуына байланысты көңіл айтты
(last modified Mon, 15 Jan 2018 09:32:14 GMT )
Қаң 15, 2018 15:32 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі ирандық мұнай танкері экипажының қаза болуына байланысты көңіл айтты

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өз жолдауында ирандық мұнай танкері экипажының қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күнгі жолдауында: "Шын мәнінде апатты әрі ащы оқиға саналатын ирандық мұнай танкерінің өртенуі мен батуы салдарынан кеме экипажының қаза болуына байланысты азалы отбасылар мен сол ғазиз жандардың жақын туыстарына көңіл айтамын. Алла Тағаладан оларға сабыр мен шыдамдылық тілеймін.

Бұл ғазиз жандар өз еліне қызмет етіп, міндеттерін орындау кезінде жан тапсырды. Бұл мүмкін, осы қайғыны жеңілдетіп, қайғы-қасірет шеккендердің көңілдеріне тыныштық сыйлайтың үлкен мақтаныш болар. Алла Тағаладан олар үшін кешірім мен рақымшылық сұрап, арттарында қалған туыстарына сабыр мен сауап тілеймін",- деді.

 

Тегтер