Лариджани: Ислам елдерінің парламентаралық конференциясы – мұсылман халықтарының үні
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ислам елдерінің парламентаралық конференциясын аймақтағы мұсылман халықтары мен ислам үмбетінің үні деп атады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Теһранда Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің парламентаралық конференциясы Бас ассамблеясының жиырмасыншы отырысында сөйлеген сөзінде бұл отырыста ислам елдерінің барлығының мүдделеріне сай келетін ең маңызды мәселелерге көңіл аударылады деп күтілетінін айтты.
Лариджани бүгінде Палестинаның ислам елдерінің негізгі түйткілі екенін айтып: "Палестина ислам елдері үшін маңызды тақырып. Теһран отырысы ислам елдеріне Палестина халқын қолдауға берілген мұрсат болып отыр. Соңғы жылдары ислам әлемінде әртүрлі қастандықтардың болуына байланысты АҚШ-қа Құдсты сионистік режимнің орталығы деп жариялауы үшін мүмкіндік туды. Алайда мұсылман халықтардың саяси қырағылығы бұған жол бермеді. Ислам елдері Палестина халқының шеккен азабының еселеніп кетуіне жол бермеуі керек. Сол себепті, Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің парламентаралық конференциясының күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі – Палестина мәселесі",-деп қуаттады.