Тасымал саласында Иран мен Францияның алғашқы ортақ отырысы өтті
(last modified Tue, 16 Jan 2018 17:01:50 GMT )
Қаң 16, 2018 23:01 Asia/Almaty
  • Тасымал саласында Иран мен Францияның алғашқы ортақ отырысы өтті

Теһранда Иран мен Францияның тасымалға қатысты ортақ жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Бұл отырыста Airbus және ATR ұшақтарын сатып алу келісімі, Францияның Thales компаниясы мен Иранның әуежайлар мен авиация компаниясы арасында радар сатып алу келісімі және Иранның метеорологиялық жүйелерін дамыту мақсатында компьютерлік бағдарламалар сатып алу келісімі талқыланды.

Иранның Жол және қала құрылысы министрлігі мен Францияның ұйымдары арасында әртүрлі салаларда білім беру бойынша әріптестікті арттыру да осы отырыста талқыланған мәселелердің бірі болды.

 

Тегтер