Рухани: Америкалықтардың Сирияға қарсы жаңа жобасы халықаралық заңдарға қайшы
(last modified Wed, 17 Jan 2018 10:24:33 GMT )
Қаң 17, 2018 16:24 Asia/Almaty
  • Рухани: Америкалықтардың Сирияға қарсы жаңа жобасы халықаралық заңдарға қайшы

ИИР Президенті америкалық күштердің Сириядағы орналасуын айыптап, америкалықтардың жобасын халықаралық заңдарға қайшы және Сирия мен аймақтағы территориялық тұтастық пен қауіпсіздікке қарсы қастандық деп атады.

Ирак пен Сириядағы лаңкестік топтың сәтсіздіктерінен кейін Америка сириялық күрд топтармен бірге Сирияда жаңа  күштер құратыны туралы жариялады.

Хасан Рухани  сейсенбі күні Теһранда Сирия Мәжілісінің Төрағасы Хамуд Юсеф ас-Сабахпен кездесуінде лаңкестермен күресті жалғастырып, шетелдік араласушылықтарға қарсы тұруды Сирия халқы үшін маңызды тақырып деп атап: "Сирия босқындарының тезірек отандарына оралып, бұл елді қайта құру үдерісін бастауына қажет жағдай жасауға талпыну қажет",- деді. Хамуд Юсеф те кездесуде Иран үкіметі мен халқының Сирия халқының лаңкестікпен күресіне көрсетіп отырған көмектері мен қолдауларына алғыс айтып, Теһраннан Сирияны қайта құру үшін көмектерін жалғастыруды сұрады.

Сирия Мәжілсінің Төрағасы Американың аймақ елдеріне қатысты әрекеттері мен қастықтарына және АҚШ үкіметінің Сирияда өз күштерін қалдыру шешіміне тоқталып: "Дамаск ресми түрде Сириядан америкалық күштерді шығаруды талап етті және еш уақытта олардың Сирия жерінде қалуына келіспейді",- деді.  

 

 

 

 

Тегтер